Полиция жаңа жылда ішімдік ішіп, көлік жүргізбеуге шақырды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мас болып рөлге отыру адам өміріне қауіпті екенін тағы да бір еске салды / shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
Мас болып рөлге отыру адам өміріне қауіпті екенін тағы да бір еске салды / shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Полиция Жаңа жыл мерекесі алдында қазақстандықтарға құттықтау арнай отырып, жолда сақ болуды ескертіп отыр.

Полиция қызметкерлері ішімдік ішіп, көлік жүргізбеуге шақырды.

«Жаңа жылды қауіпсіз қарсы алайық! Мереке – шаттық пен жылулыққа толы сәт. Алайда дәл осы уақытта жолдағы бейқамдық орны толмас өкінішке ұласуы мүмкін. Сондықтан әрбір жүргізуші жол жүрісі қағидаларын бұлжытпай орындап, көлік тізгініне тек сергек күйде отыруы тиіс», – делінген бейнеүндеуде.

Полицияның ескертуінше, мас күйде рөлге отыру – тек заң бұзушылық емес, адам өміріне төнген тікелей қауіп. Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды барынша сақ болуға шақырады.

«Жолдағы жауапкершілік – амандықтың басты кепілі. Әр сапар сәтті аяқталсын! Келе жатқан жаңа жыл бақ пен берекеге, қуаныш пен шаттыққа толы болсын!» – делінген үндеуде.

Мұның алдында Ішкі істер министрлігі жаңа жылдық мерекелер кезінде цифрлық қауіпсіздікті сақтау қажеттігі туралы қазақстандықтарға ескерткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз