Тоқаев 70-тен астам өнер қайраткеріне мемлекеттік стипендия тағайындады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңға қол қойды
фото: Ақордадан

Тоқаев Жаңа жыл қарсаңында әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тағайындады. Олардың қатарында 70-тен астам адам бар.

Әдебиет саласында Марфуға Айтқожа, Ақсұңқар Серік, Дидар Амантай, Зейнеп Ахметова, Төлен Әбдік, Ақұштап Бақтыгереева, Смағұл Елубаев, Мырзатай Жолдасбеков, Роза Мұқанова, Тынымбай Нұрмағамбетов, Гүлнара Салықбаева, Олжас Сүлейменов, Тұрсынжан Шапай, Жүрсін Ерманға арнайы стипендия берілді.

Ал мәдениет саласындағы әнші Қайрат Байбосынов, балерина Раушан Байсейітова, актриса Самал Еслямова, Тұңғышбай Жаманқұлов, Досхан Жолжақсынов, дирижер Айтқали Жайымовтың аты аталған. Одан бөлек Нұрғали Нүсіпжан, Майра Мұхамедқызы, Мария Мудряк, Меруерт Өтекешова, Бибігүл Төлегенова да тізімде бар.

24 желтоқсанда Президенте ақын-жазушыларға арнайы сыйлық берген еді. Арман Әлменбет «Тергеуші» туындысы, Саян Есжанов «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы, Бауыржан Мұстафиев «Ақ киіз» драмалық шығармасы, Асылан Тілегенов «Жазда атамның ауылында…» өлеңдер жинағы үшін әдеби сыйлық алған.

Сондай-ақ оқыңыз