Ірі қара мал етін экспорттауға квоталар енгізіледі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бір тұлғаға белгіленетін квота мөлшері де айқындалған / фото: KursivMedia мұрағаты
Бір тұлғаға белгіленетін квота мөлшері де айқындалған / фото: KursivMedia мұрағаты

2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Қазақстанда ірі қара мал етін экспорттауға квоталар енгізіледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, ел аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне ірі қара мал етін әкетуге арналған квоталарды бөлу қағидалары қолданысқа енгізілмек.

Аталған норма 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданыста болады. Ірі қара мал етін әкетуге арналған квотаның жалпы көлемі – 20 000 тонна.
Бір тұлғаға белгіленетін квота мөлшері де айқындалған.

Көлімі қандай

Бордақылау алаңының қуаттылығына байланысты мынадай көлемде айқындалады:

бордақылау алаңының қуаттылығы 5 000 бастан бастап – 1 000 тонна;

бордақылау алаңының қуаттылығы 10 000 бастан бастап – 2 000 тонна;

бордақылау алаңының қуаттылығы 15 000бастан бастап – 3 000 тонна;

бордақылау алаңының қуаттылығы 20 000 бастан бастап – 4 000 тонна;

бордақылау алаңының қуаттылығы 50 000 бастан бастап – 10 000 тонна.

Квота мал басын пайдалану арқылы ет өндіретін ет өңдеу кәсіпорнының ірі қара мал етіне бөлінеді.

Мұның алдында ет бағасын тұрақтандыру үшін фермерлерге 200 млрд теңге несие берілетіні белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз