Астанада жаңа жыл түнінде қандай іс-шаралар өтеді

Астана әкімдігі жаңа жылдық концерттер елорданың алты ауданында бір мезгілде өтетінін мәлімдеді. Кешкі уақытта негізгі мерекелік шаралар «Қазақ елі» монументі алаңында, «EXPO» аумағында және қала әкімдігі алдындағы алаңда өтеді.
Астанада күндізгі концерттер басталып кетті:
12:00-ден бастап: – «Жерұйық» саябағы мен «Теміржол» тұрғын алабында (Алматы ауданы), «Жағалау» саябағы мен «Үркер» тұрғын алабында (Нұра ауданы), «Отау» және «Промышленный» тұрғын алаптарында (Сарайшык ауданы).
14:00-ден бастап: «Ататүрік» саябағы мен «Өндіріс» тұрғын алабында (Байқоңыр ауданы), «Бағыстан» тұрғын алабында (Есіл ауданы), «Қорғалжын» саябағында (Сарыарқа ауданы).
Мерекелік думанда Досымжан Таңатаров, Гүлнұр Оразымбетова, Айгүл Иманбаева, Зарина Омарова, Құрмаш Маханов, «Бәйтерек» триосы және басқа да өнерпаздар өнер көрсетеді. Балалар үшін Аяз ата мен Ақшақар қатысатын ойындар, байқаулар мен арнайы бағдарламалар ұйымдастырылған.
21:00-ден бастап: елорда тұрғындары үшін жаңа жылдық концерттер үш негізгі алаңда өтеді: «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда, «EXPO» аумағында және қала әкімдігі алдындағы алаңда.
2026 жыл қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтары Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, «Меломен» және «Бәйтерек» топтарының өнерін тамашалай алады.
31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де Ботаникалық бақ пен «Атырау» көпірі маңында мерекелік отшашу ұйымдастырылады.