Алматыда төтенше жағдайда қайда хабарласуға болады
Жарияланды

Жаңа жылдағы мерекеде Алматының коммуналдық, апаттық және жедел қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл шара инженерлік инфрақұрылымның жұмысын қамтамасыз ету және төтенше жағдайда жедел әрекет ету мақсатында қабылданған.
«Мереке күндері жылу, су, электр және газбен жабдықтау, лифт шаруашылығы, көше және аула ішіндегі жарықтандыру, жол мен аула аумағын күтіп ұстау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды», – делінген ақпаратта.
Төтенше жағдайда бірден әрекет ететін қалалық штаб құрылған.
Тұрғындар мереке күндері мына нөмірлерге хабарласа алады:
- ТЖД құтқару қызметі: 109;
- Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасы
(ПИК, МИБ жұмысы, аулаларды тазалау бойынша):
+7 (727) 225-14-31, +7 (707) 018-08-46, +7 (747) 132-23-52; - Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасы
(лифт, қазандық және газ мәселесі бойынша):
+7 (727) 390-28-19, +7 (701) 344-74-87; - «Алатау жарық компаниясы» АҚ (электр):
+7 (727) 356-99-99, +7 (701) 410-88-56; - «Алматы жылу жүйесі» ЖШС (жылыту және ыстық су):
+7 (727) 378-06-48; - «Алматы қала жарық» АҚ (көше және аула ішін жарықтандыру):
+7 (727) 390-20-40, +7 (727) 390-20-60; - «Алматы су» ШЖҚ МКК (суық су және кәріз жүйесі):
+7 (727) 274-66-66, +7 (727) 274-24-20, +7 (771) 852-91-01; - «ҚазГаз Аймақ» АҚ (газбен жабдықтау):
+7 (778) 959-47-67.
Алматы әкімдігі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқыс жағдай туындаған кезде бірден мамандарға хабарласуға кеңес берді.