Ұлытау облысында қыстақта жоғалған екі ер адам табылды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: ТЖМ

Ұлытау өңірінде жоғалып кеткен екі ер адамды іздеуге қатысты іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

ТЖМ мәліметінше, 31 желтоқсанда күндіз 1957 және 1959 жылдары туған екі ер адам «Амантай» шаруа қожалығынан «Базыл» қыстағына қарай трактормен жолға шыққан. Жолда техниканың отыны таусылып, содан олар әртүрлі бағытта жаяу жүріп, адасып кеткен.

Іздеу жұмыстарына ТЖМ, ЖАО және полиция қызметінің күштері жұмылдырылды. Операция барысында арнайы техника, жеке құрам және ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылды.

Алғашқы азамат 1 қаңтар күні «Жомарт» кенішінен батыс бағытта шамамен 7 шақырым қашықтықта табылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Екінші ер адам 2 қаңтар күні «Жомарт» кенішінің маңындағы геологтарға өз бетінше жетіп, құтқарушылар тарапынан «Базыл» қыстағына жеткізілді. Оның да жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.

Сондай-ақ оқыңыз