«Жұқа мұз үстінде ойнаған»: Алматы облысында жасөспірім қаза тапты
Жарияланды

Алматы облысының Жамбыл ауданында Үмбетәлі ауылындағы тоғанда мұз жарылып, төрт жасөсіпірім суға батып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, балалар ойын кезінде жұқа мұзға шығып, байқаусызда суға түсіп кеткен. Жақын жерде жүрген балықшы дереу көмекке келіп, үшеуін құтқарып үлгерген. Өкінішке орай, төртіншісін құтқара алмады. Оның денесін сүңгуірлер судан шығарып, полиция қызметкерлеріне берді.
ТЖМ кезекті рет су қоймаларында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салып, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ жұқа мұзға шықпауға шақырды.
Осыған дейін Ұлытау өңірінде жоғалып кеткен екі ер адамды іздеуге қатысты іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталғаны жайлы жазған едік.