Байлығы күмән тудырғандармен мемлекет 5 трлн теңгеге келісім жасасты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Күдікке ілін­ген адамдардың көбі қаржысын елге инвестиция ретінде салуға ниет білдірген/фото: shutterstock

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару комитеті атауы инвесторлардың құқығын қор­ғау жөніндегі комитет болып өзгереді. Президенттің айтуынша, бұл шешім заңсыз ак­тивтерді елге қайтару тақырыбы осы­мен жабылды дегенді білдірмейді.

Ал қазірге дейін олигопо­лия өкілдерінен 1,3 триллион теңгеден ас­там қаржы өндіріп алынған. Оның 1 трил­лион теңгеден астамы мемлекет қа­зынасына түскен. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында айтты.

«Жұмыс жалғаса береді. Активтерді сарап­тап, оның заңдылығын анықтау құ­зыр­лы органдардың күнделікті қыз­ме­тінің бір бағытына айналды. Енді бұл шаруаны бір орта­лық­тан үйлестіріп жүргізудің қажеті жоқ. Жұмыс бір қалыпқа түсті. Инвесторлардың құқығын қорғауға баса мән беретін кез келді», – деген президент.

Сөзінше, активтері күмән тудырып, күдікке ілін­ген адамдардың көбі қаржысын елге инвестиция ретінде салуға ниет білдірген. Олармен жалпы сомасы 5 триллион теңгеден асатын келісімдер жасалды.

«Бұл қаражаттың есебінен инвес­тиция­лық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішін­де туристік, көлік-логистикалық ор­та­лықтар, тау-кен, металлургия, энер­гетика секторларына қатысты жобалар бар. Әлбетте, білім беру, денсаулық сақ­тау, мәдениет, спорт салаларына, сон­дай-ақ, мұқтаж жандарды оңалту және әлеу­меттік ортаға бейімдеу бағдар­лама­ларын қаржыландыруға айрықша назар аударылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Павлодар әуежайы елге қайтарылған қаражатқа жөнделетіні айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз