«Қызық емес»: Тоқаев Назарбаевтың Путинмен кездесуі жайлы пікір білдірді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Назарбаев Путин кездесуі
Фото: kremlin.ru

Бесінші қаңтарда Тоқаевтың Turkistan басылымына берген сұхбаты жарияланды. Көлемді интервьюде президент жақында Кремльде өткен Назарбаев пен Путин кездесуі жайлы да пікір білдірген.

«Тұрақты түрде өткізіліп жүрген кез­десулер бейресми сипатқа ие. Мұны Ре­сей президентінің өзі де атап өтеді. Таяу­да өткен Санкт-Петербургтегі бас­қосуда Владимир Путин маған Нұрсұлтан Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойын­­ша қабылдайтынын айтқан еді… Ондай әңгімелер барысында не ай­тылғаны маған қызық емес, бұл туралы еш­қашан сұрақ қоймаймын», – деді Тоқаев.

Ол өзі де Назарбаевты қазіргі қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған тұлға деп санайтынын қайта атап өтті.

Кездесу жайлы жазған кейбір ресейлік басылымдар Қазақстанда 2029 жылы билік транзиті болады деген қауесет таратқан еді.

«Бұл жөнінде сөз қозғауға әлі ерте, ал­дымызда табанды жұмысқа толы бір­неше жыл бар», – деді президент алып-қашпа әңгіме жайлы.  

28 желтоқсанда Назарбаев Кремльге барып Путинмен кездескен. Ал бір күннен кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.

Осыдан кейін Мәжілістегі депутаттар Назарбаевтың әрекетін елге залал келтіру деп бағалады.

Сондай-ақ оқыңыз