Кубада қаралы күн жарияланды

АҚШ-тың Венесуэладағы арнайы операциясы кезінде 32 кубалық қазақ тапқан. Олар ел президенті Николас Мадуроны қорғауға тырысқан. Осыған байланысты Кубада қаралы күн жарияланды деп хабарлады ел президенті Мигель Диас-Канель.
Ол қаза тапқан отандастары борышын абыроймен атқарып, миллиондаған кубалыққа тән ынтымақтастық рухын паш еткенін атап өтті.
АҚШ-тың Венесуэла лидері Николас Мадуро мен оның жұбайын тұтқындаған операциядан кейін мемлекеттік хатшы Марко Рубио NBC News арнасында Кубаға ескерту жасады. Ол Куба үкіметінің «үлкен қиындыққа тап болғанын» жеткізді.
«Мен біздің бұл бағыттағы алдағы қадамдарымыз бен саясатымызды жария етпеймін. Бірақ біз Мадуроны қолдаған Куба режимін жақтамайтынымыз анық», – деді Рубио.
Сондай-ақ ол Мадуро қолға түсер алдында оның қасында кубалық шенеуніктер болғанын да хабарлады. Ал Куба президенті Мигель Диас-Канель АҚШ-тың әрекетін айыптап, Мадуроның ұсталуын «мемлекеттік терроризм» актісі деп атады.
Қазір Венесуэланы уақытша вице-президент Делси Родригес басқарады.
Бүгін елдегі жағдайға байланысты БҰҰ шұғыл отырыс өткізуі керек.