«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Дастан Сатбаевсыз өткізеді

Алматылық «Қайрат» футбол клубы жаңа маусымға дайындық аясында алғашқы оқу-жаттығу жиынын Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізеді. Абу-Дабиде өтетін жиынға команда шабуылшысы Дастан Сәтбаев, сондай-ақ жартылай қорғаушылар Олжас Бәйбек пен Азамат Тұяқбаев қатыспайды.
Клуб басшылығы аталған ойыншыларды оқу-жаттығу жиынына қоспау туралы шешім қабылдаған. Себебі олар қазіргі таңда ем қабылдап, оңалту кезеңінен өтіп жатыр.
Команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің жетекшілігімен БАӘ-дегі алғашқы жиынға барлығы 25 футболшы аттанды. Оқу-жаттығу жиыны 4–15 қаңтар аралығында өтеді.
Жиын барысында «Қайрат» екі жолдастық ойын өткізеді. 9 қаңтарда команда әзербайжандық «Нефтчи» клубымен, ал 14 қаңтарда Хорватияның «Вараждин» командасымен кездеседі.
Ал, 20 қаңтар Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» Астанада бельгиялық «Брюге» командасымен, 28 қаңтар Лондонда «Арсеналға» қарсы ойын өткізеді.