Тоқаев: «Алаяқтар зейнетақы қорынан 200 млрд теңге жым­қыр­ды»

Жарияланды 5 Қаңтар 2026 11:01

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
БЖЗҚ
фото: enpf.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында зейнетақы жинағын медициналық қызметке пайдалануға тыйым салу себебін түсіндірді.

2021 жылы азаматтарға зейнетақы қорындағы қаражатты емге пайдалануға рұқсат берілген. Алайда үкімет 2025 жылы ережені қатайтып, стоматологиялық қызметтің кей түріне өтініш қабылдауды уақытша тоқтатты. Тоқаев оның себебін алаяқтар әрекетімен түсіндірді.

«Мен кезінде баспана алу, балалардың оқу ақысын төлеу, емделу үшін зейне­т­ақы жинағын пайдалануға рұқсат беру туралы шешім қабылдадым. Көбісі солай жасады, бұл шешімге ризашылықтарын да білдіріп жатты.

Бірақ, әдеттегідей, сто­матология қызметін көрсетеміз де­ген желеумен зейнетақы қорынан 200 млрд теңгеден астам қаржы жым­қыр­ған алаяқтар да табылды. Құқық қор­ғау органдары қазір бұл мәселемен айналысып жатыр. Осы медициналық қыз­мет түріне зейнетақы жинағын пай­да­лануға тыйым салуға тура келді», – дейді мемлекет басшысы.

Тоқаев қордан ақша шығарудың «бас­қа да қитұрқы тәсілдері пайда болғанын», тіп­ті пластикалық отаға төлем жасай­тын­дар шыққанын атап өтті.

Зейнетақы қорындағы ақшамен тіс емдетуге өтініш қабылдау 2026 жылғы 15 сәуірден кейін қайта рұқсат етілуі мүмкін.

Азаматтар 2025 жылы зейнетақы қорынан тұрғын үй мен ем-домға 1 трлн теңге алған.

Бұған дейін БЖЗҚ қорда қалуға тиіс қаражат шегін көтерген. Қордан қаражат алу көбейіп кеткен соң, қор қаражатын пластикалық ота, стоматология мен офтальмологияға пайдалану тоқтатылған.

Сондай-ақ оқыңыз