Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан АҚШ визасы үшін кепілдік жарна төлейді

АҚШ Мемлекеттік департаменті азаматтарынан АҚШ визасын алу үшін кепілдік жарна талап етілетін мемлекеттердің тізімін жариялады. Жаңа ережелер кей елдер үшін 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап немесе одан ертерек күшіне енеді.
Виза алу үшін кепілдік төлеуі керек елдер: Алжир, Ангола, Антигуа және Барбуда, Бангладеш, Бенин, Бутан, Жаңа Зеландия, Бурунди, Кабо-Верде, Орталық Африка Республикасы, Кот-д’Ивуар, Куба, Джибути, Доминика, Фиджи, Габон, Гамбия, Гвинея, Гвинея-Бисау, Қырғызстан, Малави, Мавритания, Намибия, Непал, Нигерия, Сан-Томе және Принсипи, Сенегал, Тәжікстан, Танзания, Того, Тонга, Түрікменстан, Тувалу, Уганда, Вануату, Венесуэла, Замбия және Зимбабве.
Иммиграция және азаматтық туралы заңға сәйкес, осы елдердің B1/B2 визасына үміткер азаматтары 5000-нан 15000 долларға дейін көлемде кепілдік жарна төлеуі тиіс. Нақты сома визалық сұхбат кезінде анықталады. Дегенмен жарна төлеудің өзі виза алуға кепілдік береді деген сөз емес.
Кепілдік жарна төлегендер АҚШ-қа келу және елден кету үшін белгілі бір әуежайларды ғана пайдалана алады.
- Бостон Логан (BOS);
- Нью-Йорктегі Джон Ф. Кеннеди (JFK);
- Вашингтон Даллес (IAD).
Егер виза берілмесе, жарна қайтарылады. Сондай-ақ, егер Ішкі қауіпсіздік министрлігі АҚШ-тан уақытылы кеткенін, елге кіруден бас тартылғанын немесе виза мерзімінің аяқталғанын тіркесе, кепілдік жарна қайтарылады.
Өткен жылы желтоқсанда Трамп 1 млн доллар тұратын алтын визасын іске қосқан еді. Ол карта Құрама Штаттар азаматтығын алу ісін жеделдетеді.