Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасының нәтижесі қашан белгілі болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: instagram

Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг сынамасының B-пробасы ашылғанын мәлімдеді.

Бұл ақпаратты әлем чемпионының (WBO және IBF нұсқалары бойынша) менеджері Берік Сұлтан да растады. Оның айтуынша, допинг-сынамасын ашу рәсімі АҚШ-та өткен.

Берік Сұлтанның «Спорт Шредингеріне» берген мәліметі бойынша, сынаманы ашу барысында Жәнібек Әлімханұлының команда өкілдері толық қатысқан және барлық процесс халықаралық регламентке сай жүргізілді.

Менеджердің сөзінше, қазіргі таңда алынған сынама арнайы зертханаға жіберілді. Енді команда ресми қорытындыны күтіп отыр, алайда нәтижелердің нақты қашан жарияланатыны әзірге белгісіз.

Команда өкілдері Жәнібек Әлімханұлының спорттық жолының тазалығына толық сенімді екенін атап өтті. Берік Сұлтанның айтуынша, тексеру нәтижесіне қарамастан, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабын жалғастырып, алдағы уақытта да үлкен мақсаттар үшін күресін тоқтатпайды.

Сондай-ақ оқыңыз