Экс-президент Юн Сок Ёль өлім жазасына кесілуі мүмкін

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль өлім жазасына кесілуі мүмкін. Жұма, 9 қаңтар күні соттың соңғы отырысы өтті. Судья оны кінәлі деп тапса, экс-президент өлім жазасына кесілуі мүмкін. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Енді арнайы прокурор елдің бұрынғы басшысына жаза тағайындауды сұрауға тиіс. Бүлік шығарды деп айыпталған Юн өлім немесе өмірлік түрме жазасына кесілуі әбден мүмкін.
Дегенмен Оңтүстік Корея шамамен 30 жыл бойы өлім жазасына ресми емес мораторий ұстанып келеді. Бұл ел 1997 жылдан бері ең ауыр жазаны қолданған емес.
Сеул орталық аудандық сотында прокуратура өкілі Юн мен елдің сол кездегі қорғаныс министрі Ким Ён Хён парламентті тарату жоспарын 2023 жылғы қазанда жүзеге асыра бастады деп мәлімдеді. Прокурордың нұсқасынша, экс-президент саяси бәсекелестерін жаманатты ету арқылы қудалауды көздеген, сол себепті әскери жағдай енгізген.
Әскери жүйе бар болғаны шамамен алты сағатқа созылғанына қарамастан, Азиядағы төртінші экономиканы әбден шайқады.
65 жастағы Юн тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр. Reuters ақ көйлек, қара костюм киген экс-президенттің жүдеп кеткенін жазды. Әйелі Ким Гон Хи де соттың қорытынды отырысына қатысқан. Бұған дейін прокурор Chanel ұстап, гауһар алқа таққан бұрынғы бірінші ханымды 15 жылға соттауды сұраған.