24 жастағы жетісулық 3 миллионнан астам айыппұл жинаған

Жарияланды (жаңартылды )
​​General news бөлімінің тілшісі
«Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуші патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен / фото: / фото: KursivMedia мұрағаты
24 жастағы жетісулық 3 миллионнан астам айыппұл жинаған / фото: KursivMedia мұрағаты

Жетісулық 24 жастағы көлік жүргізушісі 3,5 млн теңгеден астам айыппұл жинады, деп хабарлайды Polisia.kz. Талдықорғанда патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін қасақана бұзған азаматты анықтады.

Жетісу облысы Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғынын «Қорғау» мобильдік қосымшасының көмегімен полицейлер тоқтатып, өткен жылы Алматы, Алматы облысы және Жетісу облысының аумағында бұл көлік көп мөлшерде айыппұл алғанын анықтады. Төленбеген айыппұлдың жалпы сомасы – 3 578 120 теңгені құрады.

Заң бойынша төленбеген айыппұлдар үшін көлік құралының иесі жауап береді. Жол қозғалысы ережелерін көптеп бұзғаны үшін көлік Талдықорған айыппұл-тұрағына жіберілді.

Полиция айыппұлдарды елемеу жауапкершіліктен босатпайтынын, тек қарыз сомасын көбейтетінін және елден тыс жерлерге шығу құқығын шектеу мен мәжбүрлеп өндіріп алуға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз