«Барселона» – «Реал Мадрид»: Испания Суперкубогын қайдан көруге болады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Барселона Реал Мадрид
Фото: realmadrid.com

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Испания Суперкубогының финалында футбол әлеміндегі басты қарсыластардың бірі «Барселона» мен «Реал Мадрид» кездеседі.

Каталониялық клуб жартылай финалда «Атлетик Бильбао» командасын ірі есеппен жеңсе, мадридтік ұжым қалааралық дербиде «Атлетико» клубынан басым түсті.

Биылғы маусымда қос команда Испания чемпионаты аясында бір рет жолығып, сол кездесуде «Реал Мадрид» 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Енді «Барселонаның» сол жеңілістің қарымтасын қайтаруға мүмкіндігі бар.

Испания Суперкубогының финалдық ойыны 11 қаңтардан 12 қаңтарға қараған түні, сағат 00:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көрсетіледі.

Сондай-ақ оқыңыз