Ауруханаға келіп, жасырын босанған әйел сәбиді қоқыс шелекке тастап кеткен

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әйел ауруханаға енесімен бірге келген / фото ЖИ арқылы жасалды, бильд-редактор: Дастан Шанай
Әйел ауруханаға енесімен бірге келген / фото ЖИ арқылы жасалды, бильд-редактор: Дастан Шанай

Өзбекстанда бір әйел ауруханада жасырын түрде босанып, жаңа туған сәбиді қоқыс шелекке тастап кеткен.

Gazeta ақпаратына қарағанда, оқиға Самарқанд облысының Пайарық ауданында болған. Дәрігерлер шақалақтың өлі денесін тапты. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Медициналық мекеменің мәліметінше, 27 желтоқсанда әйел іш қатқанына шағымданып, ауруханаға енесімен бірге келген. Ол медициналық тексеруден бас тартып, клизма жасауды сұраған. Дәрігер тексеріп, УДЗ-дан өтуді ұсынғанымен, ол бұдан үзілді-кесілді бас тартқан.

Әйел процедуралық кабинетке жіберілген. Процедура кезінде ол медбикеден өзін жалғыз қалдыруды сұрапты. Біраздан соң кетіп қалған. Кабинетті тексерген медицина қызметкерлері қоқыс жәшігінен өлі сәбиді тапқан.

Аурухана қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы әйелдің жеке басын анықтап, оқиға туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған. Алдын ала тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кететін жайт, биыл анасының құрсағындағы 105 сәби құтқарылып, аман-есен өмірге келген.

Сондай-ақ оқыңыз