2026 жыл қандай адамдарға сәттілік әкеледі – нумеролог болжамы

Танымал нумеролог Құралай Бақытқызы 2026 жылға болжам жасады. Оның айтуынша, бұл жыл – еңбекқорлық жылы.
«Бұл – ізденіс жылы. Адамдар кәсіп игеріп, пысық болуға ұмтылатын кезең. Үйленгісі келетін адамдар биыл тез шешім қабылдайтын болады. Той көбейеді», – дейді нумеролог.
Құралай Бақытқызының сөзіне қарағанда, биыл онлайн бизнестің тасы өрге домалайды. 2026 жыл – алдағы 9 жылдың іргетасын қалайтын жыл.
«Өткен жылы адамдар көп нәрсемен қоштасты. Биыл да әлемде көп өзгеріс болмақ. Ғылым, спорт, цифрлану жылы деп атасақ, қателеспейміз. Адамдар денсаулығын бірінші орынға қояды. Спортқа тартылады. Елімізде спорттық іс-шаралар көп болады деп ойлаймын», – дейді Құралай Бақытқызы.
2026 жылдың стихиясы от болғандықтан, прогресс жүреді. От – қозғалыстың, жылдамдықтың, шапшаңдықтың, қуаттың, денсаулықтың белгісі. Сондықтан, тез шешім қабылдайтын, жылдам, күмәнге бой алдырмай, алға жылжытын адамдар мақсатына жетеді.
«Жылдың соңында 6 саны тұр. 26 саны еңбекқорлық, тәртіп жылы. Адамдардың дені тәртіпке келеді. Еңбекқор адам ақшаның қадірін біледі. Қаржылық сауаттылық көбейіп, көп адамның кредиті азаятын жыл. Көп адам қолөнер, кәсіп үйрене бастайды», – дейді нумеролог.
Оның болжамынша, биыл ғалымдар өздерін көрсете алады. ІТ мамандарының дәуірі болады. Биыл жасанды интеллект қарқынды дамиды. Былтырғы жылмен салыстырғанда үлкен өзгеріс болады. Көп нәрсе цифрланады.
«Бұл жылдың жақсы жағы да, жаман жағы да бар. Көп адамның жоспарлары аяқ астынан өзгеруі мүмкін», – дейді Құралай Бақытқызы.
Нумерологтың пікірінше, биыл даму жылы болады. Экономикаға жақсы әсерін тигізеді.
«Қазақстанға келсек, жаз айына дейін аздап саябырсу байқалады. Маусым айынан кейін өсім көрсете бастайды. Қазақстанда бағдарламашылар, мұғалімдер, спортшылар, қолөнер, ауылшаруашылығы мамандары мен диетологтар бұл жылы табысқа жетеді», – дейді Құралай Бақытқызы.
Айта кететін жайт, украиналық нумеролог әйелдерді Бурак Өзчивитке қызықпауға шақырған болатын.