Астанадағы бораннан ұшақтар қона алмай жатыр

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Астанадағы бораннан ұшақтар әуежайға қона алмай жатыр
Фото: Nqzairport

Астанада ауа-райы бұзылып, рейстер кешігіп жатыр. Бұл жайлы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Боран салдарынан алты авиарейстің, соның ішінде халықаралық бағыттардың келу уақытына өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда:

 KC 584 Санья – Астана,

DV 784 Өскемен – Астана,

IQ 400 Ақтөбе – Астана,

FS 7316 Қызылорда – Астана,

IQ 438 Петропавл – Астана және 

KC 656 Доха – Астана рейстері кешігіп келеді.

«Ескерте кетейік, 12 қаңтарда еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларында дауылды ескерту жарияланды. Әуежайдың перроны мен вокзал маңындағы аумағында үздіксіз қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді», – деп атап өтті әуежайдың баспасөз қызметі.

Бүгін елорданы қалың қар жапты. Қалада -8…-9 градус арасында суық, көктайғақ. Оқушылар қашықтан оқуға жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыз