Иран АҚШ-ты келіссөз жүргізуге шақырды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Иран АҚШ
фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеран Вашингтонды келіссөзге шақырды деп мәлімдеген. 12 желтоқсанда Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи «байланыс арналары ашық» екенін мәлімдеді. Бұл туралы CNN хабарлады.

Иран билігі Құрама Штаттармен «өзара сыйластық» негізінде келіссөз жүргізуге дайын.

«Біз келіссөзге дайынбыз, бірақ ол қос тарап тең, әділ әрі нақты, өзара сыйластық пен ортақ мүдде негізінде өтуі тиіс», – деп мәлімдеді СІМ басшысы.

Телеарна мәліметінше, Арагчи Тегеранда шетел дипломаттары тобымен кездесуде осылай деген.

Бір күн бұрын Трамп Иранның келіссөздерге шақырып жатқанын айтқан. Өйткені оның әкімшілігі үшінші аптаға ұласып бара жатқан көтеріліске араласуы мүмкін екенін ескерткен.

Тегераннан тараған мәліметтерге қарағанда, Арагчи мен АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Виткофф арасындағы байланыс арнасы «ашық тұрады». Қажет болған жағдайда, тараптар осы арнаны пайдалана алады.

2025 жылдың аяғында Иранда басталған халық көтерілісі барысында 500-ден астам адам қаза тапты.

Иран үш тәуліктен бері интернетсіз, байланыссыз отыр. Билік оны қауіпсіздік мақсатында өшіріп тастаған. Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи көтерілген халықты Трамптың айтағына ерді деп айыптаған

Сондай-ақ оқыңыз