Сәкен Майғазиев Нұрлан имамды таңырқатты (видео)

Сәкен Майғазиев бір топ адамның алдында діни уағыз айтып, Нұрлан имам – Нұрлан Байжігітовті таңырқатты.
Нұрлан имам Сәкен Майғазиевтің айтқан сөздерін құптап, басын изеп отырды.
Тәкаппарлық неден туады
«Осының тігісін жатыстыра алмай ма, көзін таба алмай тұрғаның қарашы», десек, Аллаға шүбә келтіргендей болады екенсің. Алла оны солай жаратты. Бірақ ол шығарған математикалық есептерді сен шығара алмайсың. Нұрекең (Нұрлан Имам) білген хадистерді, сүрелерді мен білмеймін. Кейде бізде тәкаппарлық басып кетеді», – деді Сәкен Майғазиев.
Сәкен айтқан хикая
Әнші тәкаппарлықтың түрлі болатыны туралы өмірден алынған мысалды келтірді:
«Екі еркек жолда судан өте алмай тұрған бір әйелді көреді. Су мұздай екен. Жолаушылардың бірі көп ойланбастан, әйелді арқалап, судан өткізеді. Біраз уақыт өткен соң, қасындағы сапарласы: «Мұның дұрыс болмады. Сені тақуа, шариғаттың шеңберінен шықпайтын жігіт деп жүрсем, ана әйелге денең тиді», – деп айып тағады. Сонда әлгі жігіт «Сен сол әйелді әлі көтеріп келе жатсың ба? Сен миыңнан алып таста. Жамандық ойлаған жоқпын, әйелді судан өткізуге көмектестім. Сенің миың мен жүрегің әлі соған байланып тұр екен», – деп жауап беріпті».
Әнші неге ақталды
Сәкен Майғазиевтің өзі кейіннен имамның алдында қысылмай діни әңгімелер айтқанына ыңғайсызданып қалғаны байқалады.
«Маған сөз берді екен деп, Нұрлан имамның алдында көсіліп сөйлеп тұрған мен де жүрек жұтқан жігіт екем. Элиф Шафак деген жақсы көретін жазушымның айтқан сөзі бар: «Алла тағала барлық адамның ой-санасын, бітім-болмысын, түр-келбетін бірдей етіп жаратуға да құдіреті жетер еді, бірақ Алла тағала осылай қалады» – дейді. Сол себепті бір адамды бір адамнан кем санау – қателік. Керісінше, біріміз бірімізді толықтырып, жақсысын асырып, жаманын жасыру адамдығымыз болмақ. Бұл жерде соны айтқым келген», – деп ақталды әнші.
Мұның алдында Шахризада Сәкен Майғазиевке Нью-Йорктен тосын сый жасаған болатын.