Омар Жәлелдің екінші әйелі жылап тұрып проблемасын айтты

Жарияланды
фото: скрин

Атышулы абайтанушы, бизнес-коуч Омар Жәлел мен екінші әйелінің арасында отбасылық мәселе ушығып жатыр екен. Бұл туралы Ләззат Мырзаш Айнұр Асанбердіге Youtube-та берген сұхбатында баяндады. Айтуынша, Омар Жәлел оның тағдырымен ойнап, балаларының жанына жазылуы ауыр жарақат салып жатқан көрінеді.

Әлеуметтік желідегі парақшасына Ләззат Мырзаш бұған дейін де Омар Жәлелмен арадағы мәселелері туралы жазып жүрген еді. Сұхбат барысында осы туралы ашық айтты.

Омар Жәлел жалпы саны төрт рет үйленген. Ләззат Мырзашпен 2019 жылы бас қосқан. Түркияда оқып жүрген жерінен Астанаға көшіріп әкеліп, әуежайдан бірінші әйелі Меңдігүлмен бірге күтіп алған көрінеді. Сол кезде бірінші жұбайы «ұл туғанға күн туады, бала таппай жатып ағайын-туғандарыңа айтпайсың, әке-шешеңнің алдына бармаймыз» деп шарт қойған. «Мені бір суррогат ана көргендей қылып сөйледі. Бірінші бала табасың, әрі қарай көреміз», – деді. Бірақ Омар Жәлел сөз байласқанда «елге келген соң әке-шешеңнің алдына барамыз» деп басқаша сөйлеген көрінеді. Мырзаштың айтуынша, екінші әйел болып шығып жатқасын туыстары да аса қабылдай қоймаған. Сондықтан шартқа келіспегендіктен «сен маған алғашқы күннен қарсы келдің» деп бетіне басатын болған.

Ләззат Мырзаш қазіргі таңда бұрынғы күйеуімен соттасып жатқанын айтты. Бірінші баласын туғаннан кейін Омар Жәлел Ләззатты қуып жіберген. Бірақ кейіннен кешірім сұрап, қайта қосылған. Одан кейін арада тағы екі бала өмірге келеді. «Меңдігүл (бәйбішесі – авт.) менен кейін алған әйелдің де «көзін құртқан».

«Неге қайтып келдің деп сұрағанымда «енді сендерді тастамаймын. Бәйбіше екеуіңнің орталарыңда жүремін. Басқа әйел алмаймын» деп Омар уәде берген», – дейді Ләззат Мырзаш.

Десе де, сөзінде тұрмай, одан кейін төртінші рет тағы әйел алған. Неге тағы үйленгенінің себебін сұрағанда қартайып бара жатқасын деп жауап берген.

«Адамның тағдырымен ойнауға болмайды. Белінен шыққан үш ұрпағы, менімен қосқанда төрт адамның тағдыры тұр бұл жерде», – деп көз жасына ерік берді абайтанушының екінші әйелі. 

Бұған дейін Омар Жәлел жігіттерге тоқал алмауға кеңес берген. Әлеуметтік желіде өзінің тоқал алып, кейіннен мұнысына өкінгенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз