Шетелде интернетті тиімді қосудың жолы: eSIM-ді қалай пайдалануға болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
eSIM қалай жұмыс істейді әрі саяхатшыларға не үшін керек болады?
eSIM қалай жұмыс істейді әрі саяхатшыларға не үшін керек болады? / Фото: shutterstcok, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Шетелге шыққанда мобильді интернет басты мәселелердің бірі. Қымбат роуминг, жергілікті SIM-картаны іздеу, тілдік кедергілер мұның бәрі уақыт пен қаражатты талап етеді. Осы тұрғыда eSIM технологиясы саяхатшылар үшін тиімді әрі ыңғайлы шешім ретінде ұсынылып отыр.

eSIM деген не

eSIM – физикалық SIM-картаны ауыстырмай-ақ, әр елде байланыс операторын алмастыруға мүмкіндік беретін цифрлық SIM-карта. Дәстүрлі роумингтен де, жергілікті операторлардың SIM-картасын сатып алудан да арзанырақ.

Қазақстанда саяхатқа арналған мобильді интернетке Freedom SuperApp экожүйесіндегі «Шетелдегі интернет» сервисі арқылы eSIM көмегімен қосылуға болады.

eSIM кімдерге пайдалы

eSIM жиі саяхаттайтын адамдарға, іссапармен жүретіндерге және шетелге қысқа мерзімге шығатын туристерге өте қолайлы. Әсіресе интернетті бірден пайдаланғысы келетіндер үшін тиімді шешім саналады.

eSIM-нің негізгі мүмкіндіктері

  • Freedom-ның цифрлық SIM-картасын әлемнің 200-ден астам елінде қолдануға болады;
  • eSIM арқылы тек мобильді деректерді пайдалану мүмкін (SMS пен қоңыраулар қолжетімсіз);
  • Базалық интернет-пакеттердің бағасы 1900 теңгеден басталады;
  • Ұшақ қона сала интернетке қосылуға болады – жергілікті операторлардың дүңгіршектерін іздеудің қажеті жоқ;
  • Қолданушы трафик көлемі мен пакеттің жарамдылық мерзімін жасырын шарттарсыз көре алады;
  • Dual SIM қолдайтын телефондарда физикалық SIM мен eSIM-ді қатар қолдануға болады.

Барлық телефонға жарай ма

eSIM барлық құрылғыларда жұмыс істей бермейді. Әсіресе ескі үлгідегі смартфондар бұл технологияны қолдамауы мүмкін.

Телефоныңыз eSIM-ді қолдай ма, жоқ па оны Freedom SuperApp қосымшасындағы «Шетелдегі интернет» → Қолдау → Құрылғының үйлесімділігі бөлімінен тексеруге болады.

eSIM-ді қалай қосуға болады

  1. Freedom SuperApp қосымшасындағы «Шетелдегі интернет» сервисіне кіріп, баратын елді таңдаңыз;
  2. Ұсынылған тарифтермен танысыңыз (1–30 ГБ және шексіз пакеттер бар);
  3. Тарифтің ақысын төлеп, QR-код алыңыз;
  4. Сапар алдында QR-код арқылы eSIM-ді іске қосыңыз;
  5. Елге жеткен соң eSIM автоматты түрде ең тұрақты желіге қосылады.

Пакеттің жарамдылық мерзімі eSIM іске қосылған сәттен бастап есептеледі, тіпті сіз әлі шетелге жетпесеңіз де.

Қалған трафик көлемін телефон баптауларындағы eSIM бөлімінен тексеруге болады.

Шексіз тариф таңдаған жағдайда, күніне 3 ГБ пайдаланған соң интернет жылдамдығы 1 Мбит/с дейін төмендейді.

Пакеттерінің бағасы қанша

Freedom SuperApp-тағы «Шетелдегі интернет» қызметі көбіне роуминг пен жаһандық eSIM-ретейлерге қарағанда арзан.

Мысалы, Таиландтағы 1 ГБ интернет бағасы:

  • Tele2 роумингі – 2 900 теңге
  • IZI роумингі – 2 400 теңге
  • Airalo (жаһандық eSIM) – $4,5 (шамамен 2 400 теңге)
  • Freedom SuperApp («Шетелдегі интернет») – 344 теңге (кешбэкті есептегенде)

Дегенмен, әр ел үшін тарифтер әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан сапар алдында ұсыныстарды салыстырып көрген жөн.

Еске сала кетейік, бұған дейін байланыс тарифтері неге қымбаттап жатқаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз