Қолма-қол ақша шығару лимиті: Кірістер комитеті жаңа ережені түсіндірді

Енді Қазақстанда кәсіпкерлер үшін ақша шығару лимиті қолданылады. Егер сізге осы сомадан артық қажет болса, өтініш беруі қажет, деп хабарлайды Uchet.kz.
Бір ай ішінде шығаруға болатын шекті сома:
- 20 млн теңге – шағын бизнес;
- 120 млн теңге – орта бизнес;
- 150 миллион – ірі бизнес.
Егер қажет сома лимиттен жоғары болса, банк бірнеше талап қояды:
- ақшаны алудың мақсатын түсіндіру;
- клиенттің Мемлекеттік кірістер комитетіне деректерді беруге жазбаша келісімі.
«Кәсіпкер банкке ақша алуға өтінім беріп, алу мақсатын растауы қажет. Осыдан кейін банк өтінішті Мемлекеттік кірістер комитетіне жолдайды», – деді ҚР ҚМ басқарма басшысының орынбасары Ернар Таубеков.
Кірістер комитеті осы компанияда тәуекелдің бар-жоғына өтінімді тексереді. Содан кейін банктің өтінімі келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде МКК-дан жауап келеді.
Алу мақсатын растау үшін құжаттарды қоса беруге болады. Олардың ішінде: шарт, бұйрық, өкім, шығыстар сметасы, шот-фактура, төлем шоты, жалақы ведомосы, сот шешімі, инвойс, сатып алу актісі және сатып алу ведомосы бола алады.