Жезқазған қаласында театр ғимараты өртенді
Жарияланды

14 қаңтарға қараған түні Жезқазған қаласы Сәтпаев көшесі бойында орналасқан театр ғимараты өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ресми мәліметке қарағанда, от театрдың жертөлесінен шыққан.
«Алғашқы өрт сөндіру жасақтары келгеннен кейін жертөледен қалың түтін шығып жатқаны анықталды. Тез арада газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары өртті барлауға және сөндіруге кірісті», – деп таратты ТЖМ.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимараттан 12 адам өздігінен көшеге шықты.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді, кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында сахналық материалдың жануы қысқа мерзімде сөндірілген.
Төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.