Дания мен Гренландия министрлері Ақ үйге барады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ақ үйде Дания Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенмен және Гренландия Сыртқы істер министрі Вивиан Моцфельдтпен кездеседі.
Дания Сыртқы істер министрі хабарлағандай, кездесуге АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те қосылады.
Ақ үйдегі кездесуден кейін, 19 қаңтарда Дания Қорғаныс министрі Троэльс Лунд Поульсеннің, Гренландия Сыртқы істер министрінің және НАТО Бас хатшысы Марк Рюттенің қатысуымен келіссөздер жүргізіледі деп жоспарланған.
Бұл кездесулердің барлығы Арктика аймағындағы қауіпсіздікті және Гренландияның мәртебесіне қатысты мәселелерді талқылау үшін өтпекші.
Еске салайық, күні кеше АҚШ Конгресі Гренландияны күштеп қосып алу туралы заң жобасын ұсынған. Құжат авторы, конгрессмен Ренди Файн, елді АҚШ-тың бір штатына айналдыру керек деген идеяны айтты.