Дрон шабуылынан соң мұнай кемелерін сақтандыру құны екі есе қымбаттады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Кемелерді сақтандыру құны қымбаттады / Фото: ТАСС агенттігі

Қара теңізде мұнай тасымалдайтын танкерлерге Украина дрондары шабуыл жасаған соң, теңіз тасымалына қатысты тәуекел айтарлықтай артты. Соның салдарынан осы бағытта жүзетін кемелерді сақтандыру құны екі есеге жуық өсті. Бұл туралы Reuters басылымы жазады.

Сарапшылардың айтуынша, сақтандыру тарифінің қымбаттауы Қара теңіз арқылы жүк тасымалдау құнына тікелей әсер етеді. Себебі бұл аймақ әлемдік мұнай тасымалы үшін маңызды бағыттардың бірі саналады. Қара теңіздегі Ресей терминалдары арқылы әлемдік мұнай көлемінің 2 пайызы жөнелтіледі.

Жуырда орын алған шабуыл салдарынан сақтандыру компаниялары аймаққа қатынайтын танкерлер үшін тарифті қайта қарап, бағасын көтеруге мәжбүр болған.

Қара теңіз тек мұнай тасымалы үшін ғана емес, сондай-ақ астық экспорты үшін де стратегиялық маңызға ие. Бұл теңіз арқылы Болгария, Грузия, Румыния, Түркия, Ресей және Украина порттары арасында жүк айналымы жүзеге асады.

13 қаңтар күні Қара теңізде Ресей жағалауындағы терминалға бет алған екі мұнай танкеріне дрон шабуыл жасады. Delta Harmony танкерінде өрт болған, ал Matilda-да өрт шықпаған,

Бұл танкерлерді «Теңізшевройл» компаниясы мен КПО консорциумы қазақ мұнайын жөнелту үшін жалға алған.

Сондай-ақ оқыңыз