Мұрат Әбенов: Шенеуніктер мен депутаттар өмір салтына ұқыпты қарауы керек

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Мұрат Әбенов / фото: жеке парақшасынан

Шенеуніктер мен олардың әйелдерінің байлығы қоғамда наразылық тудырып жатыр. Бұл жағдайды қалай бағалау керек? Бүгін Мәжіліс кулуарында тілшілер депутат Мұрат Әбеновке осындай сұрақ қойды.

«Олар да азаматтар, егер кәсіппен айналысса, айналыса берсін. Тек екі шарт орындалуы тиіс: біріншісі – іс заңды болуы керек, екіншісі – салықтар толық төленуі тиіс», – деді ол тілшілер сұрағына. 

Депутаттың сөзінше, бұл ақпараттан кейін адамдарда белгілі бір «жағымсыз сезім» болғаны рас.

«Сондықтан шенеуніктер де, біз, депутаттар да, көпшілік алдында жүрген адамдар болғандықтан, тек сөзімізге емес, жалпы өмір салтымызға өте ұқыпты қарауымыз керек», – деп түйіндеді депутат.

Еске салайық, елдегі лауазымды тұлғалар әйелдерінің табысы жайлы ақпарат шықты. Ерболат Досаевтың әйелі декларациясында 2,3 млрд теңге табыс тапқанын көрсеткен.

Ал Парламент мәжілісінің вице-спикері Альберт Раудың жұбайы Светлана Рау 2024 жылы 10 804 608 теңге табыс тапқан

Сондай-ақ оқыңыз