Air Astana ұшақтары Иран әуе кеңістігін айналып ұшады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
фото: Shutterstock

Air Astana әуе компаниясы Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің ұшу бағыты өзгергенін ескертті.

Атап айтқанда, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран әуе кеңістігін айналып ұшады.

Air Astana жағдайды мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді.

«Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстер кестесінде өзгертулер болады», – деп таратты әуе компаниясы.

Осының алдында әлемнің бірнеше елі Ирандағы азаматтарын тезірек кетуге кеңес берген. Lufthansa әуе компаниясы Тель-Авив пен Амманға күндізгі рейстерді ғана орындайтынын ескертсе, Air India әуе бағыттарын өзгерткен.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 28 желтоқсанда Иранда халық көтерілісі бұрқ ете қалды. Ирандықтардың көшеге шығуына ақшаның қатты құнсыздануы себеп болды. Тегеран көтерілісті күшпен басып жатыр. Трамп Иранға шабуылдауы мүмкін екенін ескертсе, Тегеран өңірдегі америкалық базаларға соққы жасауға дайын отыр.

Сондай-ақ оқыңыз