Рамзан Қадыров денсаулығына қатысты қауесеттерге жауап берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шешенстан үкіметі толықтай дерлік Рамзан Кадыровтың туыстарынан тұрады / фото: KursivMedia мұрағаты
фото: KursivMedia мұрағаты

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың денсаулығына байланысты тараған қауесеттерден кейін оның қатысуымен түсірілген алғашқы видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Бейнежазбаны Шешенстан президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы Ибрагим Закриев өз парақшасында бөліскен. Видеода Рамзан Қадыровтың Грозный қаласының орталығында автокөлікпен жүріп өткенін көруге болады.

Қадыров өз сөзінде денсаулығына қатысты тараған мәліметтерді жоққа шығарды.

«Менде бүйрек те, асқазан ауруы да жоқ. Тек ащы бұрышты көтере алмаймын. Ал жалпы жағдайым жақсы, өзімді толықтай сау сезінемін. Күш-қуатым да бар», – деді Шешенстан басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен бірқатар ақпарат көздерінде Рамзан Қадыровтың денсаулығы нашарлағаны және ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлар тараған еді.

Сондай-ақ оқыңыз