Air Astana флотын жаңартуға триллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр

Air Astana американдық Boeing компаниясымен ірі мәмілеге қол қоймақ. Шешім 2026 жылдың 15 қаңтарында компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданды.
Компанияның хабарламасына сүйенсек, Air Astana бес Boeing 787-9 ұшағын сатып алуды жоспарлап отыр. Лайнерлерді жеткізу 2032-2035 жылдарға жоспарланған.
Сондай-ақ, Air Astana Boeing 787-9 ұшақтарын қосымша сатып алуға бес опцион мен бес құқықты бекітті.
Мәміле құны көрсетілмеген, алайда компания мәміле сомасы Air Astana активтерінің баланстық құнының 50% және одан астамын құрайтынын атап өтеді.
Air Astana есептілігінің деректері бойынша, 2025 жылдың алғашқы үш тоқсанының қорытындысы бойынша авиакомпанияның иелігінде 1,1 трлн теңгеге актив бар. Яғни жаңа мәміле үшін кем дегенде 550 млрд теңге жұмсалады.
Қарашада Boeing компаниясы Air Astana-ға 18 әуе кемесін жеткізуі тиіс деп хабарланды. Алғашқы үшеуін жеткізу 2026-2027 жылдарға, ал қалған үшеуін жеткізу 2032-2035 жылдарға жоспарланған. Қозғалтқыштарды қоса алғанда, парктің жиынтық каталог құны 7 млрд доллар немесе бір доллар үшін 550 теңге бағамы бойынша шамамен 3,8 трлн теңгені құрайды.