Астанада 16 қаңтарда оқушылар мен студенттер онлайн оқиды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Астанада 16 қаңтарда оқушылар мен студенттер онлайн оқиды / Фото: Shutterstock

16 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада кейбір оқушылармен, кей студенттер онлайн оқитын болады, деп хабарлады қала әкімдігі.

«2026 жылғы 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, осы аптада Астана мен солтүстік облыстарда ауа райы қатты суытып, бірнеше күн бойы мектеп оқушылары мен 9-сыныптан кейін колледжге түскен 1-2 студенттері онлайн оқуға мәжбүр болған.

«Қазгидромет» ақпаратына сүйенсек, соңғы күндері ауа райы -20 градустан -27 градусқа дейін құбылған.

Сондай-ақ оқыңыз