Тұрсынбектің екінші әйелі өзі соттасып жатқан паблик иесін тығырыққа тіреген

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Threads желісінен ашылған Balqadiwaa паблигінің иесімен соттасып жатқанын жариялаған еді. Абыройына нұқсан келгенін алға тартқан ол парақша авторының жеке басын анықтаған соң арыз жазып қана қоймай, оның жеке деректерін таратқан. Алина есімді қолданушы қазіргі таңда Айман ханымның тарапынан қатты қысым жасалып жатқанын жазды.
Айман жайлы көп жазылды
Түрлі өсек-аяң белсенді жарияланып тұратын Balqadiwaa парақшасында Тұрсынбек пен Айман жайлы көп жазылды. Осылайша белгілі әзілкештің екінші әйелі қитығына тиетін, ар-намысын түсіретін сипаттағы жазбалары үшін мәселені сот арқылы шешетінін мәлімдеген еді. Содан кейін Алина (паблик иесі – авт.) Айманның жекесіне шығып, жалынып кешірім сұраған. Сонымен қоса, бүкіл постты өшіретінін, алдағы уақытта ештеңе жазбайтынын айтқан болатын. Тіпті сол мәлімдемеден соң Threads желісінен аталған парақша жоқ болып кеткен.
Бірақ кеше «Жоғалып кетті деп ойладыңдар ма? Мен туралы өсек бітсе, жаңасын бастайық. Жауап күтіңіздер» деп Тұрсынбектің әйелі туралы жазатынын білдірді. Артынша «Мен қателігімді түсініп, Айман ханымнан кешірім сұрадым. Жазбалаларды да, пабликті де өшіргенмін. Бірақ ол кісі мені сотқа беремін деп жеке деректерімді таратып, әлі күнге дейін қорқытуын қоймай жатыр. Мен амалсыздан інімнің еміне көмек болар ма екен деп, дәрігер іздейін деп, 8 млн теңгеге алдаған алаяқтарды жазалау үшін қол ұшын созар жан табылар ма екен деп паблигімді қайта іске қосып едім. Айман ханым соны көріп, қысымды тіпті үдетіп жіберді. Дәл қазір не істерімді білмей, тығырыққа тірелдім», – деп жазды Алина.
Осы жазбаға ол Айманмен жазысқан хаттарының скриншотын қоса салды. Ол жерде кешірім сұраған сөзге әзілкештің тоқалы «Оңай екен, Құдай екенсің. Жезөкше болмадың ба онда? Сен де машина мініп, үйлі болып, проблемаларыңды шешпедің бе? Басымды қатырмашы. Сен 4 статья бойынша сотта жауап бересің. Сайрағаныңа қарағанда заңды біліп отырған шығарсың! Себебі сенде комменттер өте көп. Әркімнің сөздерінің астында жазғандарын бәрі автомат түрде шығып тұр. Деректеріңді таратып жатырмын, если что. Жабыла көтерген жүк жеңіл дей ме? Көбірек кереңді ішерсің. Аузыңның кәпірлігінен сенде осындай проблемалар. Сен үйіңнің сорысың, біле білсең. Сорақылықты сен әкеліп жатырсың», – деп жазған Айман.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Threads қолданушысының Айманнан жалынып кешірім сұрағаны туралы жазған едік.