2026 жылдан бастап ЖИ контентін таңбалау міндетті болады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Осы жылдың 18 қаңтарынан бастап Қазақстанның цифрлық кеңістігінде жаңа ереже жұмысын бастайды. Енді жасанды интеллект (ЖИ) тудырған кез келген өнімде арнайы «таңба» болуы шарт.

Жаңа заңнамалық талаптарға сәйкес, ЖИ жүйелері арқылы жасалған синтетикалық контент (мәтін, сурет, видео немесе аудио) міндетті түрде таңбалануы тиіс. Бұл пайдаланушыларға ақпараттың шынайы немесе жасанды екенін бірден ажыратуға мүмкіндік береді.

Контентті таңбалауға қарапайым пайдаланушылар емес, ЖИ жүйелерінің иелері (әзірлеуші компаниялар) жауапты. Яғни, OpenAI (ChatGPT)Google (Gemini)xAI (Grok) немесе отандық Higgsfield сияқты платформалар өз өнімдеріне автоматты түрде таңба қосу тетіктерін енгізуі тиіс.

Талаптарды орындамаған ЖИ жүйелерінің иелеріне келесідей айыппұл мөлшерлері қарастырылған:

  • Жеке тұлғалар үшін – 15 АЕК;
  • Шағын бизнес үшін – 20 АЕК;
  • Орта бизнес үшін – 30 АЕК;
  • Ірі бизнес үшін – 100 АЕК.

Бақылау қалай жүргізіледі

Уәкілетті орган әрбір жеке суретті немесе бейнені тексермейді. Бақылау ЖИ жүйелері иелерінің жұмысын қадағалау арқылы жүзеге асырылады.

  • Инспекторлар ашық ресурстарды, ресми тарату арналарын және азаматтардың өтініштері мен шағымдарын назарға алады.
  • Тексеріс кезінде жеке пайдаланушының ЖИ-ді қолдану фактісі емес, жүйе иесінің таңбаланбаған синтетикалық контенттің таралуына жол беру фактісі қаралады.

ЖИ арқылы жасалған контент күн өткен сайын көбейіп жатыр. Жақында 2.7 млрд қолданушысы бар YouTube платформасы да ЖИ көмегімен контент дайындауға ден қоятынын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз