Қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Астанада «World Business Consulting» қаржы пирамидасын басқарды деп айыпталған Қазақстан азаматшасы Грузиядан елге қайтарылды. Ол төрт жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
Қазақстанның Бас прокуратурасының мәліметінше, күдікті Астанада 2018-2022 жылдар аралығында қаржы пирамидасының құрылымын ұйымдастырған. Олар пирамиданың бөлімшелер желісі Қазақстанның түрлі өңірлерінде жұмыс істеп, азаматтарға «жоғары пайда» береміз деп уәде берген.
Заңсыз тартылған қаржы мөлшері 6,5 млрд теңгеден асады.
Күдікті әйел 2025 жылдың қарашасында Грузия аумағында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге жеткізіліп, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған қылмыстық ұйымның бірқатар қатысушылары бұған дейін анықталып, нақты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Алайда, негізгі күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.
Заң бойынша қылмыс жасағаны дәлелденсе, 12 жылға дейін қамалуы мүмкін.