Қонаев қаласында жер сілкінді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
жер сілкінісі жер сілкінді жерасты дүмпуі
фото: shutterstock

16 қаңтарда түнгі сағат 02:11-де Қонаев қаласына жақын маңда жер сілкінді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ ұлттық деректер орталығы мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Мекеменің сейсмикалық топтары тіркеген мәліметке сәйкес, жерасты дүмпуі Алматы облысының орталығынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 16 км жерде болған.

Жер сілкінісінің магнитудасы 2.8 балл деп бағаланды. Дүмпу ошағы Алматы қаласынан шамамен 85 км жерде орналасқан.

Қонаев жер сілкінісі
карта: Google map

Қапшағай су қоймасы маңы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады.

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі туралы ескертетін дабыл жүйесін смартфонда орнатуға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, апта басында – 12 қаңтарда Алматы қаласына өте жақын маңда жер сілкінген.

Сондай-ақ оқыңыз