Шымкентте 17 жастағы қызды «алып қашып, зорлады» деген күдікті ұсталды

Жарияланды
фото: shutterstock

Шымкент қалалық полициясы «17 жастағы қызды еркінен тыс алып қашып, зорлаған» күдікті ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.

Оның үстінен Қылмыстық кодекстің «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бабымен іс қозғалған.

«Барлық қатысушылар полицияға жеткізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полиция хабарламасында.

Кеше кешке қала тұрғыны әлеуметтік желіге шығып, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны еркінен тыс алып қашып, зорлағанын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз