«Қайрат» бразилиялық қорғаушы Лукас Африкомен келісімшартқа қол қойды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
«Қайрат» Селтикпен ойын қарсаңында жанкүйеріне үндеу жасады
«Қайрат» бразилиялық қорғаушы Лукас Африкомен келісімшартқа қол қойды / Фото: kursiv.media

Алматылық «Қайрат» футбол клубы құрамын тәжірибелі бразилиялық қорғаушы Лукас Африкомен толықтырды. Тараптар арасындағы келісім 2026 жылдың соңына дейін жарамды.

«30 жастағы футболшы орталық қорғаушы позициясында өнер көрсетеді. Оның бойы – 188 см, салмағы – 85 келі», – делінген клуб хабарламасында.

Лукас Энрике да Силва Бразилияның Сан-Паулу қаласында дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы Гуаральюс қаласының «Фламенго» клубында бастаған. Кейін «Сантос» пен «Лондрина» командаларында ойнады.

2018 жылы Еуропаға қоныс аударып, Португалия чемпионатында «Маритиму» және «Эшторил» клубтарының сапында бірнеше маусым өткізді. 2023 жылы Әзірбайжанның «Габала» командасында өнер көрсеткеннен кейін Португалияға қайта оралып, «Фаренсе» клубымен келісімшарт жасасты. Португалияның жоғары дивизионында барлығы 75 матч өткізіп, үш гол соқты.

Бразилиялық қорғаушының соңғы клубы Түркияның Бірінші лигасында ойнайтын «Ван Спор» командасы болды. Бұл клуб сапында ол 11 матчқа қатысты.

Айта кетейік, осыған дейін алматылық «Қайрат» жартылай қорғаушылары Офри Арадпен және Джорги Зариямен қош айтысқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз