Рамзан Қадыровтың баласы Адам апатқа ұшырап, ауруханаға түсті

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров Грозныйдағы Республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы ауыр болуы мүмкін. Бұл туралы «Кавказ.Реалии» басылымы екі бірдей дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

«Ауруханаға баратын жолдар жабық, өйткені ол жерге Адамды жеткізген. Ол ес-түссіз реанимацияда жатыр», – деп хабарлады Грозныйдағы дереккөздердің бірі.

Шешенстандық оппозициялық NIYSO Telegram-каналының хабарлауынша, Қадыровтың кортежі «әдеттегідей жоғары жылдамдықпен келе жатқанда, алдынан кедергі шыға келеді». Салдарынан көліктер бірінің артына бірі соғылып, ірі жол апаты болады.

Адам Қадыровтан бөлек, тағы бір жоғары лауазымды шешен шенеунігінің ұлы зардап шеккен болуы мүмкін. Тағы үш күзетші ауыр жарақат алған.

Қазір  аурухана маңындағы даңғыл жабылып, қалаға кіреберіс жолдарда кептеліс пайда болған. Аурухананың өзі күзетке алынып, бөгде адамдар үшін жабылды.

Қазіргі уақытта Шешенстан билігі тарапынан бұл ақпаратқа қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз