Шығыс Қазақстан өңірінде -53 градус аяз тіркелді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
погода
фото: shutterstock

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Парыгино ауылында рекордтық аяз тіркелді. Тұрғындардың хабарлауынша, ауа температурасы –50 градустан төмен түскен.

Синоптиктер мен жергілікті тұрғындардың мәліметінше, 15 қаңтар күні Парыгино ауылында термометр бағаны –45 градусты көрсетсе, 16 қаңтардың таңында аяз күшейіп, –53 градусқа дейін жеткен. Түскі уақыттың өзінде ауа температурасы –48 градус шамасында болды.

Әлеуметтік және өмірлік маңызды нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ешқандай ақаулар мен іркілістер тіркелген жоқ. Жағдай толық бақылауда, – деді Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.

Ал Парыгино ауылдық округ әкімі Ғани Төлеков ауыл тұрғындарының мұндай қатаң ауа райы жағдайларына жақсы дайындалғанын атап өтті.

Демалыста елдің барлық өңірлерінде аяз болады, бұған қоса, оңтүстікте тоқтаусыз қар жауады. Мамандар осындай қатты аязда алыс жолға шықпауға және техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыз