Әлемдегі ең қауіпсіз әуекомпаниялар анықталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock,

AirlineRatings сарапшылары сервистік қызмет көрсететін және бюджеттік (лоукостер) бағыттағы ең сенімді авиатасымалдаушылардың тізімін ұсынды.

Рейтингті жасау кезінде бірнеше маңызды фактор негізге алынды:

  • Жалпы рейстер санына шаққандағы авиациялық оқиғалардың көрсеткіші;
  • Әуе паркінің (ұшақтардың) жасы;
  • Пилоттардың дайындық деңгейі;
  • Халықаралық қауіпсіздік тексерістерінің нәтижелері.

AirlineRatings басшысы Шарон Петерсеннің айтуынша, үздік 25 әуе компаниясының арасындағы қауіпсіздік айырмашылығы өте аз.

«Топ-25 тізіміне енген барлық компаниялар – әлемдік көшбасшылар. Сондықтан бір компания екіншісінен айтарлықтай қауіпсіз деп кесіп айту қиын», – деп атап өтті Шарон Петерсен.

Толық сервис көрсететін ең қауіпсіз әуе компаниялары:

  1. Etihad (БАӘ)
  2. Cathay Pacific (Гонконг)
  3. Qantas (Австралия)
  4. Qatar Airways
  5. Emirates

Ең қауіпсіз лоукостерлер (бюджеттік тасымалдаушылар):

  1. HK Express (Гонконг)
  2. Jetstar (Австралия)
  3. Scoot (Сингапур)
  4. flydubai
  5. EasyJet (Ұлыбритания)
Сондай-ақ оқыңыз