Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс жүргізді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Каныш Абубакиров
Қаныш Әбубәкіров / Фото: Қорғаныс министрлігі

Тоқаевтың өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы лауазымына тағайындалды.

Ол бұған дейін атқарған Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Қаныш Әбубәкіров 1977 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясын және Ұлттық қорғаныс университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы: 

  • «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;
  • Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы;
  • Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары.
  • Әскери шені: 2024 жылы оған генерал-лейтенант шені берілді.

Президенттің тағы бір өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Камалетдинов ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

Осыған дейін 13 қаңтарда Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдап, Қарулы күштер жағдайын талқылаған.

Сондай-ақ оқыңыз