Қытай компаниясы Құрық портын дамытуға 1,1 млрд доллар инвестиция салады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
фото: gov.kz

Guoyou Materials Group қытай компаниясы Маңғыстау облысындағы Құрық портын дамытуға 1,1 млрд доллар инвестиция салуды көздеп отыр. Бұл туралы Kursiv.Media Kazakh Invest мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Ұлттық компания осы аптада қытай инвесторларымен кездесіп, ірі жобаны іске асыру болашағын талқылады. Жүздесу барысында Қытай – Каспий – Кавказ – Еуропа бағытында теңіз–теміржол желісі үшін «Құрық» портында кешенін салу мәселесі сөз болды.

«Жобаның бірінші кезеңі бойынша инвестиция көлемі шамамен 300 млн долларға бағаланады. Барлық кезеңдерді іске асырған уақытта инвестиция көлемі 1,1 млрд долларға жетуі мүмкін», – деп таратты ұлттық компания.

Кешенде 800 тұрақты жұмыс орны ашылады. Ал құрылысқ 1 500 адам тартылады. Маңызды нысан 2028 жылы пайдалануға беріледі.

2025 жылдың аяғында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Zhongyong International қытай компаниясы Ақтауда жаңа теңіз портын 2026 жылы сала бастайды деген.

Сондай-ақ оқыңыз