Газа бейбітшілік комиссиясына кіру 1 млрд доллар тұрады

Газа секторында бейбітшілік орнатуға қатысқың келсе, 1 млрд доллар төле. АҚШ президенті Дональд Трамп «Бейбітшілік кеңесіне» мүше болу құнын белгіледі. Бұл туралы Bloomberg жазды.
Басылым мәліметінше, жаңадан құрылатын халықаралық құрылымға кімдер кіретінін Трамп шешеді. Мамандар Ақ үй басшысының мұндай әрекеті Біріккен Ұлттар Ұйымының беделіне нұқсан келтіреді деп есептейді.
Алғашқы жылы 1 млрд доллар аударған елдер кеңестен шықпайды, ал қандарының мандаты үш жылға созылады, деп таратты БАҚ.
Reuters мәліметінше, Иордания королі Абдалла осы кеңеске кіруге шақырту алған. Оны Трамптың өзі шақырған.
Бір күн бұрын Израиль билігі Трамп әкімшілігінің Таяу Шығысқа қатысты кеңес құру әрекетін сынаған. Премьер-министра Биньямина Нетаньяху кеңсесі Вашингтон осы мәселеде Тель-Авивпен ақылдаспады деп ренжіп отыр.
Нетаньяху үкіметі әсіресе осы кеңеске Түркияның кіргеніне наразы. Жұма күні Ақ үй таратқан мәліметте кеңес құрамында түрік сыртқы істер министрі Хакан Фидан бары айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, екі жыл соғыста үйіндіге айналған Газа секторын қалпына келтіруге 70 млрд доллар қажет. Мұндай есепті БҰҰ өкілі жариялаған.
Израиль армиясының Газа секторына шабуылдарынан 67 мыңнан астам палестиналық қаза тапты. Шамамен 193 мың ғимарат қирады немесе зақымданды. Олардың арасында жүздеген аурухана мен мектеп бар.