Ұлттық құрылтайға жүз жақты журналист қатысады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ұлттық құрылтай Қызылорда
фото: gov.kz

Ұлттық құрылтайға биыл елдің түрлі өңірлеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының жүз шақты қызметкері қатысады. Кеңесші орган – Құрылтайдың 5-съезі 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өтеді. Kursiv.Media алқалы жиыннан ақпарат таратады.

Құрылтайға қатысушылар қазірдің өзінде Сыр өңіріндегі қалаға жиналып жатыр. Себебі 19 қаңтар, дүйсенбіде пленарлық сессиялар өтеді. Ұйымдастырушылар дүйсенбідегі жиын таңертең сағат 10-да басталатынын ескертті.

Ал құрылтайдың өзі 20 қаңтар, сейсенбі күні сағат 11.00-де басталады. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

Қызылордадағы құрылтай өтетін күн 13 қаңтарда мәлім болған. Сол күні Тоқаев Ақордада мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен президент көмекшісі Ержан Жиенбаевпен бірге парламенттік реформа бойынша кеңес өткізген.

Сарапшылар Қызылордадағы құрылтайда заң шығарушы орган тағдырына қатысты жалпыұлттық референдум өтетін күн жарияланады деп топшылайды. Естеріңізде болса, президент қос палаталы парламенттің жоғары палатасы – Сенатты қысқарту туралы ұсынысты 2025 жылғы қыркүйектегі жолдауда айтқан.

Ұлттық құрылтай 2022 жылғы маусымда президент жарлығымен құрылған еді. Құрылтай –  Президент жанындағы кеңесші орган.

Бұған дейін құрылтайдың төрт съезі Түркістан, Атырау, Ұлытау және Бурабай қалаларында өткен.

Сондай-ақ оқыңыз