Бүгін Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасы ашылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жәнібек Әлімханұлы допинг
Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасы ашылады / фото: instagram

Бүгін 19 қаңтар, сағат 10:00-де қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг сынамасының нәтижесі ашылады. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков мәлімдеді.

Федерация басшысының айтуынша, Әлеуметтік желілерде жарияланған мәліметке сәйкес, допингке қарсы зерттеу жұмыстары WADA талаптарына сай жүргізілген. Құжаттар халықаралық аккредиттелген зертханада дайындалып, арнайы комиссияның қарауына ұсынылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының допинг қолданды деген күдікке ілінген еді. Зертханалық қорытындының нәтижесі боксшының алдағы спорттық тағдырына тікелей әсер етуі мүмкін екенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз