Алматы мектептеріндегі теракт туралы ақпарат тарады, полиция жауап берді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматының бірқатар мектептерінде террористік актілер дайындалып жатқаны жайлы ақпарат тарады. Полиция департаменті ақпарат шындыққа жанаспайдытынын мәлімдеп, терістеді.

Қазіргі уақытта қаладағы оқу орындарындағы жағдай толық бақылауда дейді құзырлы органдар. Полиция және басқа да жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Балалар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданды.

«Жалған ақпарат тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру шаралары басталды. Фейк хабарламаның авторы мен дереккөзі анықталуда. Оны таратуға қатысы бар тұлға заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деп ескертеді полиция департаментінен.

Ескерте кетейік, жалған ақпарат тарату, әсіресе ол балалар қауіпсіздігіне қатысты болса, ауыр құқық бұзушылық деп есептеледі. Ол әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

16 қаңтарда Шымкент мектептерінде адам өлтіру туралы жаңалық тарап, көпшіліктің үрейін алған еді. Полиция оның жалған ақпарат екенін айтып, жоққа шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз