Трамп Тоқаевты Бейбітшілік кеңесіне кіруге шақырды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Токаев снова встретится с Трампом - новый посол США
фото: Ақордадан

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптан Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақыру алды, ал Қазақстанға осы кеңестің құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болу ұсынылды. Бұл жайлы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты.

Осыған дейін АҚШ Президенті Газа бойынша Бейбітшілік кеңесін құратынын жариялаған еді. Ол кеңеске құрылтайшы мемлекет ретінде қатысуға бірқатар елдің басшыларына шақыру жолданған. Аргентина, Мажарстан, Түркия, Пәкістан, Мысыр, Иордания, Қатар және Италия шақырту алғандарын растап, оны қабылдағандарын да жария етті.

Дәл осындай шақырту Қазақстанға да жіберілген және Ақорда оны қабылдаған.

«Бірқатар елдің көшбасшыларының Президент Дональд Трамптан мұндай ресми шақыру алғаны туралы мәлімдемелерінен кейін бұл фактіні жасыру дұрыс болмас еді. Иә, Қасым-Жомарт Тоқаев әлем көшбасшылдарының арасында алғашқылардың бірі болып Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіру, ал Қазақстанға құрылтайшылардың бір болу туралы ресми шақыру алды. Тоқаев АҚШ Президентінің атына жауап хат жолдап, шынайы ризашылығын білдірді және аталған жаңа бірлестіктің құрамына кіруге келісетінін жеткізді. Президент Қазақстанның Таяу Шығыста мығым бейбітшілікке қол жеткізуге жан-жақты үлес қосуға, мемлекетаралық сенім мен жаһандық тұрақтылықты нығайтуға ұмтылатынын растады, – деді ол Tengrinews тілшісіне.

Желдібайдың сөзінше, шақыру әлдеқайда ертерек келген. Бірақ Трамп әкімшілігі хабарлағанға дейін Ақорда мәлімдеме жасауды «әдепсіздік» деп есептеген.

«Дегенмен, процесс өздігінен жүріп кетті. Келісім алынғаннан кейін Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге келіскен мемлекеттердің толық тізімі жария етіліп қалар», – деп атап өтті Желдібай.

Газадағы шиеленісті реттеу үшін Трамп былтыр күзде Бейбітшілік кеңесін құратынын хабарлаған. БҰҰ ол идеясын қолдады.

Ал Тоқаев осы жылдың басында берген сұхбатында «халықаралық дау-дамайларға қатысып, ара-ағайын болатын ойым жоқ» деген еді.

Сондай-ақ оқыңыз