Досаевтың бұрынғы кеңесшісі президенттік қордың басшысы болды
Жарияланды

«Dara» қорының жаңа басшысы болып медиа және мемлекеттік басқару саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар маман Әлия Адамбаева тағайындалды. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.
Әлия Адамбаева өз мансабында мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда бірқатар жауапты қызметтерді атқарған:
- «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары және Басқарма мүшесі;
- Қазақстан Ұлттық Банкі Баспасөз қызметінің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры;
- «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары;
- Алматы қаласы бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың кеңесшісі болған (ақпараттық саясат мәселелері бойынша).
Әлия Адамбаева «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Сондай-ақ экономика және бизнес магистрі дәрежесіне ие, MBA және Executive MBA бағдарламаларының дипломдары бар.